Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс: Бішкекте митинг өтіп жатыр
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс: Бішкекте митинг өтіп жатыр
296
оқылды

Бішкек қаласында қырғыз-тәжік шекарасында болған жағдайға қатысты митинг өтіп жатыр.

Дәл қазір Ескі алаңда 500-ге жуық адам жүр. Олармен келіссөз жүргізуге Үкімет аппаратының басшысы Жеңісбек Асанқұлов шықты.
«Қазір барлығы 4 автобусқа отырып, әскери комиссариатқа бара алады. Сол жерде тізім жасаймыз», — деді аппарат басшысы.
Қақтығыс кезінде Қырғызстанда 154 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінді, олардың ішінде 33 адам көз жұмды. Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстанның атысты тоқтатуға келіскені туралы хабарлаған едік.