Қырғызстан мен Тәжікстан 9 мамырға дейін шекараның 112 шақырымын айқындайды
Қырғызстан мен Тәжікстан 9 мамырға дейін шекараның 112 шақырымын айқындайды
230
оқылды

Енді Қырғызстан мен Тәжікстан 9 мамырға дейін шекараның 112 шақырымын айқындайды. Бұл туралы Қырғыз елінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Мемлекеттік комитет төрағасы Қамчыбек Ташиевке сілтеме жасаған «24 KG» порталы хабарлады.

Тараптар бірнеше аумақ бойынша ортақ мәмілеге келген. Ташиев «112 шақырымды айқындаған соң президенттер келісімге қол қойып, шекараны белгілейміз» деп мәлімдеді. Осының алдында 2 тарап әскерін шекара бойынан алып кеткенін айтқан болатынбыз. Соңғы мәлімет бойынша, қырғыз тарапынан қаза тапқандар саны 36 адамға жеткен. Тағы 183 азамат дәрігер көмегіне жүгінді. «Ал тәжік жағынан 150-ден астам жараланып, 16 адам көз жұмды» деген бейресми ақпарат бар.