Қытаймен арада жаңа су қоймасы керек
Қытаймен арада жаңа су қоймасы керек
210
оқылды

Алматы облысындағы «Достық» біріккен су тора­бында жаңа су қоймасын тұрғызу қажет. Осыған орай жобалық-сме­талық құжат жасалмақ. Бұл туралы Су ресурстар коми­­тетінің «Қазсушар» РМК бас ди­ректоры Алтай Елжа­­сов­­­тың осы өңірге іссапары ке­зінде айтылды.

Нысан ҚХР-мен шекарада, трансшекаралық Қорғас өзенінің бойында орналасқан. 2013 жылы пайдалануға берілген және екі ел біріге пайдаланатын су торабы 14,5 мың гектар аумақты алып жатыр. Құрылымның су өткізу қабілеті – 456,0 м3/с. Дегенмен соңғы 3 жылда осы су торабында судың аз келуі, климаттық жағ­дайдың өзгеруі сал­дарынан диқан­шылар қиын­дыққа душар болыпты. Жергілікті ма­мандар мен шаруа қожалық­тары­ның иелері Қорғас өзені бойына су қоймасын салу – осы мәселені шешетінін айтады. «Ауданымызда суаруға қажетті судың тапшылығы – негізгі мә­селенің бірі. Бұл экологиялық ахуал­ға тікелей байланысты: бұған таудағы мұздықтардың азаюы, судың аз келуіне себеп. Екі ел бұл өзен суын теңдей бөліседі. Алайда бізге беріліп жатқан су өзен ар­насымен Қытайға өтіп кетеді, сон­дықтан су қоймасын салып, мә­селені түбегейлі шешуге бо­­лады», – деді «Қазсушар» РМК Алматы филиалы Панфилов өн­дірістік учаскесінің басшысы Тұрысбек Нұрахметов. А.Елжасов бұл ұсынысты на­зарға алды. «Қазсушар» мен жер­гілікті атқарушы орган бірлесіп, жобалық-сметалық құжаттама әзір­лейтін болды. Экология, гео­логия және табиғи ресурстар ми­нистрлігіне және Үкіметке ұсы­ныспен шығу жөнінде ұйғарым жасалды. Алайда шенеуніктер «Қы­тай не айтады?» деп қарайлап отырғанға ұқсайды. «Бұл нысан трансшекаралық аймақта орналасқан. Сол себепті бұл – Үкімет деңгейінде, екі ел ара­сында қарастырылатын мәселе. Дегенмен қазір жаңадан салынатын су қоймасының орнын анықтап, жергілікті билік жобалық-смета­лық құжаттамасына қаражат қарас­тырып, Экология министр­лігіне ұсынатын болады», – деді «Қаз­сушар» РМК бас директоры Алтай Елжасов.

Елдос СЕНБАЙ