5 мамырдағы мәлімет бойынша, 44 572 адам коронавирустан (44 202 КВИ+ және 370 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде, 15 015 науқас – стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 784 адамның жағдайы ауыр,
• 196 науқастың жағдайы өте ауыр,
• 117 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
[caption id="attachment_134500" align="aligncenter" width="720"] Фото: www.gov.kz[/caption]
Ал 29 адамнан пневмония анықталған. 5 жағдай өліммен аяқталған. 65 адам жазылып шықты.
Былтыр 1 тамыздан пневмониямен 53 122 науқас тіркелген. 817-сі қайтыс болды. 51 935-і емделіп шықты.