Талдықорғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш қызды автокөлік қағып кетті
Талдықорғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш қызды автокөлік қағып кетті
Талдықорғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш қызды автокөлік қағып кетті, - деп хабарлады sputnik.kz. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Жергілікті полиция бұл деректі растады және апат Талдықорған медициналық колледжінің жанында болғанын мәлімдеді. Жол апатына 31 жастағы Daimler Benz автокөлігінің жүргізушісі себеп болған. "Оқиға салдарынан үш қыз зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші әкімшілік заңға сәйкес жауапқа тартылды", – деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккендердің әрбіріне бас-мидың шайқалуы мен түрлі дене жарақаты диагнозы қойылған. Екі қызға амбулаториялық емделуге жолдама берілді.