Шымкентте әуе шарының кесірінен 4 мың отбасы жарықсыз қалды.
" Оқиға 6 мамыр күні сағат шамамен 20:24-те Тұран шағынауданында болған. Кәсіпкер әуе шарын жинағалы жатқанда қатты жел соғып кеткен. Салдарынан әуе шары басқарылмай, 10 киловатт әуе желісінің үстіне құлап, электр желілері үзілді. Сондықтан Тұран шағынауданы мен Шымсити, Асар-2 шағынауданы және New City көпқабатты тұрғын үйлеріндегі 4 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды, - делінген Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.
Қазір "ОңтүстікЖарықТранзит" ЖШС-нің, "Қуатжылуорталық-3" МКК-нің арнайы бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал аталған факт Қаратау аудандық полиция басқармасында арыздарды есепке алу кітабына Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Әзірге тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram