Соққыға жығылған сотталушы медициналық көмекке жүгінбеген және әкімшілікке ешқандай арыз-шағым айтпаған.
Павлодардағы қаупісіздік деңгейі жоғары түрмеде адам өлтіргені үшін қамалған ер адам өзге сотталушыны соққыға жықты.
Ол ауыр дене жарақатынан көз жұмды,– деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қылмыстық-атқару жүйесінің Павлодар облыстық департаменті баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдіғалиеваның айтуынша, 8 мамыр күні кешқұрым АП-162/4 мекемесінің санитарлық бөлмесінде адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 44 жастағы ер адам өзге сотталушыны соққыға жыққан. Ол медициналық көмекке жүгінбеген және әкімшілікке ешқандай арыз-шағым айтпаған.
"9 мамырда соққыға жығылған ер адам алған жарақат салдарынан жатқан жерінде қайтыс болды. Жедел жәрдем бригадасы оның өлімін тіркеді", – дейді Әбдіғалиева.
Айта кетейік, қайтыс болған ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабына сәйкес кәмелетке толмаған баланы зорлау ісі бойынша айыпты деп танылып, сотталған. Соның негізінде жазасын өтеп жүрген.