Көкшетауда партияның араласуымен мүгедек жандарға көмек көрсетілді
Көкшетауда партияның араласуымен мүгедек жандарға көмек көрсетілді
241
оқылды
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды біріктіретін қоғамдық ұйым өкілдері бірнеше жылдан бері Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарына жүгініп, қалалық мәслихат пен әкімнің қаулысына енгізілген 15 санатты өзгертуді талап етіп келді. Алайда мәселе шешілмеген. Партияның филиалына Көкшетау қалалық «Қазақ соқырлар мен саңыраулар» қоғамының өкілдері жиналып, қоғамдық көліктерде ақысыз жүру туралы өтініштерді қарауды сұрады. Жалпы саны 200-ден астам мүгедек көмек сұраған болатын. Мәселенің мән жайын түсінген  партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қаладағы автобус парктерінің  басшыларына, қалалық мәслихаттың депутаттары мен жергілікті атқарушы органның өкілдеріне мәселені заң аясында тезірек  шешуді тапсырып, бірнеше кездесу ұйымдастырған болатын.  width= Сонымен, Көкшетау қалалық мәслихатының жуырда өткен  кезектен тыс VI сессиясында «Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы №А-8/1531 бірлескен қаулысына және Көкшетау қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралып, 2019 жылғы 28 тамыздағы №36/4 «Көкшетау қаласының қоғамдық көліктерімен (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының белгілі бір санаты үшін жол ақысын төлеуге жеңілдік белгілеу туралы» мәселесі қаралды. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің араласуымен мәселе оң шешіліп, Көкшетау қалалық мәслихатының сессиясында қаулы қабылданып, енді есту және көру қабілетінен айырылған ІІ топ мүгедектері үшін қоғамдық көлікте тегін жүре алатын болды. Көкшетаудан өзге қалаларда   бұл санаттағы адамдар (есту және көру қабілеті бұзылған азаматтар) ақысыз жүреді, алайда Көкшетауда олар  тізімнен шығарылып тасталған. Азғантай ғана жәрдемақы алатын жарымжан азаматтар үшін отбасылық бюджетке бұл қосымша жүктеме екені сөзсіз. Партияның араласуымен мәселе оң шешімін тапты.  Көкшетау қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң   және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.