БҚО-да мемлекеттік санитар дәрігерінің 12 мамырдағы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды mgorod.kz.
БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қаулы 15 мамырдан бастап күшіне енеді. Қаулыға сәйкес өңірде блокпосттар алынады. Сондай-ақ тұрғындар мен көліктерге түнгі сағат 00.00-ден кейін жүріп-тұруға шектеу қойылмайды.Өңірде блокпосттар алынғанымен, басқа карантиндік шектеу шаралары сақталады.
Тұрғындар ашық ауадағы қоғамдық орындарда, үй-жайларда және автобустарда маска киюге міндетті.
Өңірде өзге де санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.
Шектеу шараларының режимі мен уақыты облыс аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.