Жоғалып кеткен жасөспірімнің мәйіті өзеннен табылды
Жоғалып кеткен жасөспірімнің мәйіті өзеннен табылды
177
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, кеше полицияға қоңырау шалған әйел 2004 жылғы ұлының жоғалып кеткенін айтқан.

Тәртіп сақшылары 11 мамыр күні үйден сыртқа шығып, сол күйі оралмаған Юрий Богомоловты іздестірді. Сондай-ақ құтқарушылар мен волонтерлер де атсалысты.

«Көп ұзамай, жасөспірімнің мәйіті Үлбі өзенінен табылды. Оның денесінен ешқандай жарақат анықталған жоқ», – дейді полицейлер.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұған дейін жоғалған келіншекті іздеуге шыққан сүңгуірдің мәйіті 35 күннен кейін табылғанын жазған болатынбыз.