105 мың адам ешқашан жұмыс істемеген: Қазақстанда 451 мың адам неге жұмыссыз жүр?
105 мың адам ешқашан жұмыс істемеген: Қазақстанда 451 мың адам неге жұмыссыз жүр?
683
оқылды
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қазір Қазақстанда 451 мыңнан астам жұмыссыз бар, бұл - жұмыс күшінің 4,9%-ы. Олар қандай себептермен жұмыс істемейді? 2021 жылғы бірінші тоқсандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 104,6 мың адам ешқашан жұмыс істемеген.  width= Статистика бюросының мәліметінше, 394,5 мыңға жуық адам жалдамалы жұмыс іздейді. Олардың 363,6 мыңы ұйымдарға, 27,9 мыңы жеке тұлғаларға, 2,1 мыңнан астамы шаруа және ферма қожалықтарына орналасқысы келеді. Биыл бірінші тоқсандағы дерек бойынша, 17,3 мың қазақстандық бизнесін немесе фермасын ашу үшін жер телімін, орын-жай және жабдық іздеген. Ал 10 мың адам өз кәсібін ашу үшін несие мен лицензия алмақшы болған. Ал 3,8 мыңнан астам адам мүлде жұмыс іздемеген. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2020 жылы жұмыспен қамтылған халықтың саны 8,7 млн адамға жетті. Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санында қала халқы - 5,1 млн адам (58,9%), әйелдер – 4,2 млн адам (48,2%). Республиканың экономикасында жұмыспен қамтылғандардың 14,1% бейресми жұмыспен қамтылғандар. Бейресми жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 56,2% жалдамалы қызметкерлерлер, 43,8% - өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің жалпы санының 73,7% - ресми жұмыспен қамтылғандар.