17 мамырға арналған ауа райы болжамы
17 мамырға арналған ауа райы болжамы
5,170
оқылды

Антициклонның әсерінен ауа райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, орталық және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде  өткінші жаңбыр жауады.

Оңтүстік және оңтүстік-батыста жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Түркістан, Маңғыстау облысында таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Түркістан облысында екпіні 25 м/с жетеді. Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстанда найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысында найзағай жарқылдайды. Күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық болады. Қызылорда облысында өрт қаупі бар.