Болат Өтемұратовтың қоры Риддердегі өрт кезінде үйінен айырылған әр отбасыға 1 млн. теңге береді
Болат Өтемұратовтың қоры Риддердегі өрт кезінде үйінен айырылған әр отбасыға 1 млн. теңге береді
375
оқылды

Бұл туралы қордың ресми сайтында хабарланды.

"Риддердегі өрттен зардап шеккен отбасылар Болат Өтемұратовтың қорынан «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн. теңгеден алады. «Көмек картасы» Болат Өтемұратовтың қоры, Қазақстанның Қызыл Айы және Fortebank-пен бірлесіп жүзеге асырылатын жоба", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Риддерде болған өрттің хронологиясын жазған болатынбыз.