Биткоин бағасы күн сайын арзандап жатыр
Биткоин бағасы күн сайын арзандап жатыр
166
оқылды

Бір биткоин құны 32 мың доллар болды, – деп жазады 24.kz.

Бағаның құлдырауы тұтынушыларды әбігерге салды. Қаражатын шешіп алатындардың көбеюі криптобиржаның жұмысына әсер етті.

Бұған Қытайдың криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалануға тыйым салуы себеп болды. Жабдықтарды өндірудің ең көп үлесі Қытайға тиесілі, сондықтан Қытайдың Орталық банкінің позициясы нарыққа осылай ықпал етті.

Биыл сәуірде биткоин бағасы 65 мың долларға жеткен болатын.

Бұған дейін Қазақстанда доллар қымбаттағанын жазған болатынбыз.