Қостанайда полицей Мерей Хайруллин 2 жасар баланың 2-қабаттан құлайын деп отырған жерінен құтқарды.
Кеше Волынов көшесінде орналасқан үйдің 2-қабатындағы терезеде кішкентай баланың шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйеніп отырғанын көршілері байқаған. Оқиға орнына ең жақын маңдағы №522 автопатруль барды. Лейтенант Мерей Хайруллин мен аға лейтенант Әсет Байтасов оқиға орнына бірнеше минутта жетті.
Мерей Хайруллин 2 жасар қызды аман-есен құтқарып қалды.