Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төраға­лығы­мен палата бюросында ал­дағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутат­­­­­­тар қарауына азаматтардың же­­­ке­леген санаттарын әлеуметтік қорғау мә­селелері бойынша заң­намалық түзетулер I оқы­лымда ұсынылмақ. Заң жобасының мақсаты – мүгедектігі бар адамдарға қа­тысты заңнамадағы кем­сітушілік тер­миндерді жою, әлеуметтік қорғау және жұмысқа орна­ластыруды ынталандыру, мү­гедектігі, асы­рау­шысынан айы­рылу жағдайы бойынша мем­лекеттік әлеуметтік жәр­демақы­лардың мөлшерін арт­тыру, зей­нетақымен қам­сыз­дан­дыру мә­селелерін жетілдіру бойын­ша шаралар қабылдау. Сонымен қатар күн тәртібінің жобасында рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қыз­метті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заң­сыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз ай­налымына кедергі келтіретін ша­раларды кү­шейту мәселелеріне қатысты заң жобасын I оқылымда қарау ұсы­нылды. Алдағы жалпы отырыста бір­қатар заң жобалары II оқы­лымда қаралмақ. Атап айтқанда, Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс іс­теуді құқықтық реттеуді жетіл­діру, «Мем­­лекеттік фельдъе­герлік бай­ланыс туралы» және оған ілеспе заң жобалары бар. Сондай-ақ бюро отырысында палата комитетіне биржалық сау­даны дамыту және жетілдіру мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жұмысқа алу көз­делген.