Димаш Құдайберген жайында 7 факті
Димаш Құдайберген жайында 7 факті
1,182
оқылды

Бүгін, 24 мамыр  - Димаш Құдайбергеннің туған күні. 27 жасқа толған әнші қазақтың атын әлемге танытып, ғажайып дауысымен тыңдарманын тәнті етті. Халықаралық ән байқауларының жеңімпазын дүниенің әр түкпіріндегі жанкүйерлері құттықтап жатыр. Осыған байланыста Димаш жайында  7  қызық жайтты топтастырдық.

https://www.youtube.com/watch?v=xqWIctqJ4bg&t=908s&ab_channel=DimashQudaibergen Димаштың құжаттағы есімі – Дінмұхаммед Құдайберген. Ол 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде әнші Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі болған Димаш, кішкентай кезінен солардың бауырында өскен. Оның үстіне Миуа әжесі өз уақытында белгілі әнші болған екен. Ал атасы Құдайберген болса домбыра ойнайды. Осыдан-ақ жас таланттың әншілік жолы қанында барын байқауға болады. Димаш Құдайберген ©cosmo.kz Содан болар Димаш сахнаға алғаш рет 2 жасында шығып, 5 жасында «Айналайын» республикалық байқауында топ жарған. Артынан «Жас Қанат», «Славян базары» сайыстарының жеңімпазы атанды. 2014 жылы ол Ақтөбедегі А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжді бітіріп,  Қазақ ұлттық өнер университетінің эстрада вокалы мамандығын алған. Өнерпаздың жұлдызы 2017 жылы Қытайда өткен халықаралық «I’am singer» жобасында жанды. [caption id="attachment_139616" align="alignnone" width="1048"]Димаш Құдайберген ©cosmo.kz[/caption] TC Candler-дің тәуелсіз сарапшылары Димаш Құдайбергенді екі рет планетаның ең көрікті ер жігіті деп таныды. Екі ретінде де бірнеше голливудтық актерларды, әйгілі модельдер мен спортшыларды басып озып, соңынан санағанда оныншы орынды иеленіп, үздік жүздікке кірді. Жалпы, Димаш 22-ден астам марапатқа ие болған жан. Ең елеулілерін айтар болсақ, MTV Music Awards жүлдесінің иегері, «Азияның ең танымал әншісі», «Top Chinese Music Awards», «Халықаралық деңгейдегі ең танымал әнші», «Жылдың ең үздік әншісі» номинацияларының жеңімпазы. [caption id="attachment_139620" align="alignnone" width="1024"]Димаш Құдайберген ©www.zakon.kz[/caption] Қызығы, Димаш 16 жасынан бастап балмұздақ жемейді екен. Оның айтуынша, бір кездері ол өзін ештеңеден тыймай, қалағанын жеген. Сол кезде балмұздақ жеп, суық сусын ішіп, тамағы ауырып қалған. Міне, содан бастап, әнші балмұздақ пен суық сусын ішпейді екен. [caption id="attachment_139625" align="alignnone" width="1024"]Димаш Құдайберген ©liter.kz/[/caption] Әнші күніне 3-4 сағат вокалмен айналысады. «Лучано Паваротти жетпістен асса да, ән айтып, жаттығудан қашпаған. Сондықтан өнер жолында да күнделікті жаттығу керек» деді ол бір сұхбатында. Бүгінде Димаш 8 тілді меңгерген талантты әнші.

Сонымен қатар Димаш Құдайберген өзінің досы Дамир Мураттимен серіктес болып,  өзінің брендімен шоколад пен шай шығарды. Ол өнімдер бізде ғана емес, Еуропа мен Америкада да танымалдыққа жетті.

Елімізде 2017 жылы құрылған «Dimash Salem» деп аталатын әншінің фан-тобы бар. Қазір топтың әлеуметтік желідегі инстаграм парақшасына 3,5 миллионнан адам жазылған. Олар Димаш десе, ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер әншінің гастрольдік сапарын қалыс қалдырмайды. Негізі әлемнің 150-ден аса елінде Димаш Құдайбергенге рухани қолдау көрсететін 200-ден аса фан-топ ашылған. Тіпті, отандасымыздың өнеріне тұрақты қолдау көрсететін телеарналар мен радиолар бар. Мысалы, польшалық радио Димаштың әндерін әуе толқынында әуелетіп, әншінің өмірі мен Қазақстан туралы әртүрлі бағдарламалар жүргізеді екен. Ал Чили Республикасында отандасымызды тәулік бойы көрсететін телеарна жұмыс істейді.