Astana LRT ісі: айыпталушылар кінәсін мойындамады
Astana LRT ісі: айыпталушылар кінәсін мойындамады
187
оқылды

Атышулы құрылыс бойын­ша қазір сот алдында жеті адам жауап беріп жатыр. Оларға жеңіл рельсті көлік же­лісін жобалау кезінде 5,8 миллиард теңгені жымқыруға септесті немесе сеніп тап­сырылған қаржыны бейбе­рекет жұмсады деген айып тағылып отыр. Бұған дейін прокурор кей айыпталушы­­­­ны 7, ал өзгелерін 11 жылға дейін бас бостандығынан айы­­руды сұраған еді.

24 мамыр күнгі кезекті онлайн отырыста сот айыпталушыларға соңғы сөзін айтуға мүмкіндік берген. Осыдан кейін Нұр-Сұл­тан қалалық мәслихатының бұ­рынғы хатшысы Жанат Нұр­пейі­сов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқар­масының бұрынғы бастығы Ра­шид Аманжолов, Astana Innovations АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім, «Нұр-Трейд» серік­тестігінің бұрынғы директоры Улугбек Ачилов және мердігер компанияның басшысы Тимур Қасабаев сөз алды. Дегенмен еш­қайсысы да тағылған айып бойынша кінәсін мойындаудан бас тартты.  

  М.ТӨЛЕУ