Зейнеткер «аурухананы жарып жіберемін» деп қорқытқан
Зейнеткер «аурухананы жарып жіберемін» деп қорқытқан
103
оқылды

Таразда 66 жастағы нау­қас бас дәрігермен кез­десуді талап етті. Ол дәрігердің қа­был­дауын күтпестен «бәрін жа­рып жіберемін» деп қор­қытқан. Осылайша, тәртіп сақ­шыларына аурухананы эвакуациялауға тура келді.

Полиция мәліметі бойынша, аурухананы жарып жібермекші болған әйел туралы медбике хабар берген. Тәртіп сақшылары емхананы қоршап, дәрігерлер, науқастар мен келушілерді эва­куациялады. Жарылғыш зат төрт көпқабатты ғимараттан бірнеше сағат бойы ізделген. Алайда қауіпті ештеңе табылмаған. Әйел оқиға орнында ұсталды. Енді оған айыппұл салынады немесе бас бостандығынан айы­рылуы да мүмкін. «Аталған дерек Тараз қаласы Полиция басқармасы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізімінде ҚК-нің 273-бабы «Тер­роризм актісі туралы көрінеу жал­ған хабарлау» бойынша тір­келді. Қызметтік-іздестіру иттері мен саперлер оқиға орнын тек­серу барысында аурухана ғима­ратында қандай да бір күдікті заттар мен құрылғылар табылған жоқ», – деді Тараз қалалық По­ли­ция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков.  

Исмаил ҚУАНЫШ