ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, эстрада әншісі Жанар Дұғалова Голливудте фильм түсірмекші. Шығармашылығындағы жаңалығы туралы әнші Нұр-Сұлтандағы №87 мектеп-гимназияның түлектерін соңғы қоңырауымен құттықтауға келгенде Aikyn.kz-ке айтып берді.
Жанар Дұғалова қазір АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұрып жатқанын айтты.
«Қазір АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұрып жатырмын. Онда режиссер мамандығы бойынша оқу бітіремін. Болашақта Голливудте фильмдер түсіремін деген мақсатым бар", - деді әнші.
Айта кетейік, кеше Aikyn.kz Нұр-Сұлтандағы мектептерде өткен соңғы қоңыраудан фоторепортаж жасады. Мектептердің біріне Жанар Дұғалова да келген еді.
[caption id="attachment_139967" align="aligncenter" width="1200"] Жанар Дұғалова. Фото: Жұмабек Айқынұлы[/caption]
Ол мектеп бітіруші түлектерді де құттықтады.
"Түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтаймын! Өздеріңіз таңдаған мамандық иесі және ата-аналарыңыздың мақтанышы болыңыздар. Бұл күн – сіздер үшін тарихи күн. Абай атамыздай дана, ұлы тұлға болыңыздар», – деді әнші Aikyn.kz-ке.