Сарыағашта екі бала тереңдігі 5 метр дәретханаға түсіп кеткен – видео
Сарыағашта екі бала тереңдігі 5 метр дәретханаға түсіп кеткен – видео
116
оқылды

Түркістан облысында 3 және 10 жастағы бала дәретханаға түсіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға әйел хабарласып, үйінің ауласындағы дәретхана ішіне өзінің үш жасар ұлы мен 10 жастағы қызының абайсызда түсіп кеткенін айтып, көмек сұраған.

Полицей Нұрдаулет Еділов пен Асыл Ережепов, сондай-ақ, Айсұлтан Сапар оқиға болған жерге екі минут ішінде жетті.

Тереңдігі бес метр әжетхана ішіндегі нәжіс 10 жастағы қыздың иығына дейін жеткен. Кішкентай қыз полиция келгенше жанындағы үш жасар інісін нәжіске батып кетпесі үшін көтеріп тұрды. Полицейлер құтқарудан кешіксе, балалар иістен уланып қалуы да мүмкін еді. Құтқарушылар бетоннан жасалған әжетхана еденін темір құралмен бұзды.   https://youtu.be/jM2Ou6kE-DA   Содан соң полицей Асыл Ережепов арнайы жіпті беліне байлап, шұңқырға түсті. Бес метр тереңдіктен бірінші үш жасар ұлды, артынша 10 жастағы қызды аман есен алып шықты. Осылайша, екі баланы полицейлер әжетханадан аман алып шықты.