Дубайда даулы фотосессияға қатысқан қыздардың бірі, 23 жастағы украиналық Наталья Чуприна соққыға жығылғанын және зорланғанын мәлімдеді. Бұл оқиға, оның айтуынша, Дубайдағы түрмеден шығып отанына оралғанда болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Чуприна тұратын Днепрде болған. Қыздың айтуынша, зорлауға БАӘ-дегі "оғаш қылығы" себеп болған.
Наталья ұнатып қалған жігітпен танысқан. Кейін модель кездесуге келіскен. Ер адам дубайлық түсірілім туралы білгенде ашуға берілген.
"Шағымдана бастады, менің істеген ісім дұрыс емес екенін айтты. Үйіме кеткенім жөн болар дедім", — дейді қыз.
Алайда ер адам қызды жібермей, ұрып-соққан. Зардап шегуші көмек шақырған, бірақ оқиға жекеменшік үйде болғандықтан даусын ешкім естімеген.
Өз кезегінде қыз айыптап отырған Днепр тұрғыны онымен жыныстық қарым-қатынасқа түспегенін мәлімдеп отыр. Ол Натальяның өзі полицияға хабар бермеу үшін 5 мың доллар талап етті деп сендірді.
Чуприна Дубайдағы даулы ню-фотосессияға қалай қатысқанын да айтып берді.