"Жоғалған 29 бас жылқыны іздеу үшін аудандық полиция бөлімінен екі бірдей жедел іздестіру тобы құрылды. Жылқыларды іздеуге Аршалы ауданы ғана емес Ерейментау ауданының полициясы да жұмылдырылды. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 1 маусым күні жоғалған жылқылар Ерейментау ауданы Ақсуат ауылының маңынан табылды. Барлық 29 бас жылқы түгелдей заңды иесіне қайтарылды", - дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.Полиция мал иелерінің көп жағдайда малды бақыламайтынын атап өтті.
"Көбінесе меншік иелері қорасындағы малын құлыптамай, малдарын бағусыз әрі қараусыз қалдырады. Бұл мал ұрлығының көбеюіне әкеліп соғады. Сондықтан сақтықта қорлық жоқ екенін ұмытпау қажет", - дейді Полиция департаментінен.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы