Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирустан – 15, пневмониядан 4 адам көз жұмды.
Былтыр 13 наурыздан бастап коронавирустан 4 007 адам қайтыс болды. Пневмониядан 3 376 адам көз жұмды.
[caption id="attachment_142796" align="aligncenter" width="720"] Фото: ДСМ-нен алынды[/caption]
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, 1 маусымда пневмония 91 адамнан анықталды. Жалпы пневмонияға 55 477 адам шалдыққан.
3 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 995 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде 9 468-і – стационарда, 15 527 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 589 адамның жағдайы ауыр,
– 128 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 83 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.