Жастарға сенім артылды
Жастарға сенім артылды
203
оқылды

«Nur Otan» партиясы Аты­рау об­лыстық филиалының Саяси кеңесі бюросы мәжі­лісінде «Jas Otan» Жастар қанатының «Жастар – Отан­ға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол кар­тасы» бекітілді.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхам­бетов жиында «Елбасы, «Nur Otan» пар­тия­сының Төр-­ а­ғасы Нұрсұлтан На­зар­баев­тың «Nur Otan партиясы Саяси ке­ңесінің 2019 жылдың 21 тамы­зында өт­кен кеңейтілген оты­ры­сында берген тапсыр­масына сәйкес, «Жастар – Отанға!» бағ­дар­ламасы әзірленген. Қа­зақ­стан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәсе­лесін дер кезінде шешу мен қолдау­дың маңызын атап, оларға әрдайым ерек­ше көңіл бөліп келеді», – деп осы тұрғыда «Jas Otan» жастар қа­натының маңызын атап өтті. «Nur Otan» партиясының жастар қанаты – 20-жылдық тарихы бар «Jas Otan» еліміздегі барлық санаттағы аза­маттардың мүддесін білдіретін ең ірі жас­тар ұйымы ретінде жас қазақстан­дық­тардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі қалыптастыруы үшін жағдай жасауды өзінің негізгі мақсаты етіп келеді», – деді облыс әкімі. «Nur Otan» партиясы Атырау об­лыс­тық филиалы төрағасының орынбасары Арман Азаматов:  «Бағдарлама жас қазақстандық­тарды ел дамуының ортақ мақ­саты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге ба­ғытталған. Бағдарлама әр­түрлі санат­тағы жастардың мүд­десін қамтиды және әлеу­мет­тік зерттеулер мен сауална­ма­лар­дың нәтижелеріне сүйенеді», – деген Арман Серікұлы жастардың әртүрлі топ­тарымен елуден астам кездесу өткізіліп, нәтижесінде жүзден астам нақты ұсыныс­тар сараланып алынғанын жеткізді. Таратып айтсақ, «Сапалы бі­лім» ба­ғы­тында «Таза сессия», жастарды ағылшын тіліне оқыту­ды ұйымдастыру, «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бағыты бойынша «Жас кәсіпкер» жобасы қарастырылған. Сондай-ақ «Жас отбасы­ларды қолдау және қолжетімді баспана» бағыты бойынша «Бақытты от­басы» жобасы және «Тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу» бағытында Excursion day, «Жайлау life» сияқты жобалар жол картасына енгізілген. Бұлар бойынша барлығы 280 кешенді іс-шараны жүзеге асыруға жос­парлар құрылып, 130 ин­дикатор айқындалған. Айтарлығы, аталған бағдар­ламаны дайындауға сауалнама жүргізу үшін облыстың жүз отыз мың жасы қамтылған. Кеңес отырысында өңір­лер­дегі шағын және орта бизнес бас­­шылары, өздері басқарып отыр­­ған салалары бойынша жас­тарды оқытып, еңбекке баулып, келе­шегіне жол ашуға болатын ұсыныстарын айтып жеткізді. Сайып келгенде, елдің бола­шағы жастар үшін мемлекетімізде барлық жағдай жан-жақты қарас­тырылған. Енді соны ұтымды пайдаланып, білім мен тәжірибе арқылы келешекке нық қадам басу ғана тұр.  

Т.ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы