Алматыда тапа-тал түсте қызды тонамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды
Алматыда тапа-тал түсте қызды тонамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды
126
оқылды
Алматыда тапа-тал түсте қызды тонамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды. Қазір бойжеткенге шабуыл жасаған күдіктіні полиция іздеп жатыр деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. Ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Роликті Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасы жариялады.  Жазбаға қарағанда оқиға бүгін, 4 маусымда болған. Видеода ер адамның қызға шабуыл жасап, оның сөмкесін тартып алмақ болғаны көрсетіледі. Бірақ қыз сөмкесін жібере қоймайды, шабуылдаушы құралақан қашып кетеді. Жігіт жақын маңдағы адамдарға да қарамаған. Ер адам қашпақ болған кезде оны адамдар ұстап алуға тырысқан. Бірақ ол сытылып кетіпті. Қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Қылмыс жеке секторлардың бірінде, бүгін таңертең болған. Жедел тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушының кім екенін анықтап, оны ұстау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оның ұсталуы - уақыттың еншісінде", - дейді Алмалы ауданы полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Жедел қызметкерлер қазір бейнебақылау камерасындағы видеоларды тексеріп жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Almaty | KZ | Telegram (@kris_p_almaty)