COVID-19: Қазақстанда 2 миллионға жуық адам вакцина алды
COVID-19: Қазақстанда 2 миллионға жуық адам вакцина алды
217
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде вакцинаның I компоненті  2 247 776 адамға егілсе, II компонентті 1 187 464 адам салдырған.

Коронавирусқа қарсы вакцина алудан Алматы қаласы көш бастап тұр – 208 162 адам. Екінші орында Алматы облысы – 138 997 адам.  Содан кейінгі орындарда Қарағанды облысы (112 483), Нұр-Сұлтан қаласы (106 527) және Шымкент қаласы (93 227) тұр.

Бір күнде Қазақстанда пневмония мен коронавирустан 21 адам қайтыс болды.