Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскизі ұсынылды
Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскизі ұсынылды
172
оқылды

Нұр-Сұлтан әкімдігі Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздерін жариялады. Қазір ескерткіштің 11 нұсқасы ұсынылып отыр.

[caption id="attachment_143878" align="alignnone" width="740"]Батырхан Шүкенов ©tengrinews.kz[/caption]

"Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасына - төменгі бұрышындағы оң жақта тұрған "Кері байланыс" батырмасына, сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады. Байқауға ниет білдірген кез келген адам қатыса алады", - деді  қала әкімдігі.

[caption id="attachment_143879" align="alignnone" width="1024"]Батырхан Шүкенов ©tengrinews.kz[/caption] Атақты музыкантқа арналған ескерткіштің үздік эскизі байқауы маусым айының аяғына дейін ұзартылған. Ескерткіш қалалық саябақта орнатылады. Жоба демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.