Петропавл жерлері заңсыз пайдаланылған
Петропавл жерлері заңсыз пайдаланылған
98
оқылды

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков өңір­лік коммуникациялар қыз­ме­тінде брифинг өткізіп, өт­кен жылды қорытын­ды­ла­ды. Оның айтуынша, қала ай­наласында бірнеше жыл пайдаланылмай бос жатқан 316 жер учаскесі анық­тал­ған. Оның 75-і сот арқы­лы мемлекет меншігіне қай­тарылды.

– Бұдан басқа бос жатқан саяжайларды анықтау мақса­­тында да жұмыс жүргізіліп жа­­тыр. Соңғы жылдары тұр­­­­­ғындар та­рапынан саяжай учас­келеріне сұ­раныс артқ­ан. Бос жатқандары есепке алынады. Кейін оны әкім­дік ар­қылы заңды түрде пай­да­лануға алуға болады, – деді Болат Жұма­беков. Бұл ретте жыл басынан бері бос жатқан 176 саяжай учаскесі де анықталған. Оның 125-і иесіз мүлік ретінде есепке алынып отыр. Сондай-ақ аулаларға рұқ­­сатсыз қойылған гараждар да жойылуда. – Аулаларда тұрған гараждар бойынша тұрғындардан көп өті­ніш түседі. Бізден оларды бас­қа жаққа көшіріп, орынды боса­туымызды сұрайды. Ау­лаларды жөндеу ке­зінде де осы мәселеге тап болып жатырмыз. Қазір Пет­ропавлда 1 419 гараж заңсыз тұр. Иелерінің оларды қоюға рұқсаты жоқ. Был­тыр олардың 253-і бұ­зылса, биыл 121-і басқа орынға көшірілді. Пет­ропавлдағы Про­мышленная кө­­шесінен 600 гараж сыятын орын әзірледік, – дейді қала әкімі.  

Е.БОЛАТҰЛЫ