Орынбасар боламын деп опық жеп отыр
Орынбасар боламын деп опық жеп отыр
191
оқылды
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесі  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.  Ол өз орынбасарынан осы лауазымға тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін 2 миллион теңге көлемінде  пара алу күдігіне ілінген. №2 Тараз қалалық сотының үкіміне сәйкес,  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің басшысы   Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық), 28 4-бөлігі (азғыру), 367 2-бөлігі (делдал арқылы пара беру) бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған   20 еселенген мөлшерде, яғни үйқамақта ұстауы ескеріліп, айыппұлдың мөлшері 38 522 104 теңге көлемінде тағайындалды. Сонымен қатар ол өмір бойы мемлекеттік қызметте, сот, жергілікті мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, қаржы нарығы және қаржы ұйымдары, мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды. Ал Жамбыл облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының бұрынғы орынбасарына  қатысты 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) және 367-баптың 2-бөлігі бойынша (делдал арқылы пара беру) қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін  3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен бірге өмір бойы мемлекеттік қызметте, сот, жергілікті мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, қаржы нарығы және қаржы ұйымдары, мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды. Осылайша басшы мен қосшысы бірге  жазаға тартылып, жемқорлыққа жол беру жақсылыққа апармайтындығына көздері жетті.  

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы