«Жастар – Отанға!» бағдарламасы бекітілді
«Жастар – Отанға!» бағдарламасы бекітілді
456
оқылды

Түркістан облысында «– Өздеріңізге белгілі, Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағ­дарламасы әзірленді. Бағдарлама жастарды елді дамыту жолындағы жұмыстарға біріктіруге және олар­дың әлеуметтік жағдайын жақ­сартып, жан-жақты дамуына жағ­дай жасауды көздейді. Бағдарла­маны тиімді іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді. Партия мен «Jas Otan» Жастар қанаты жастарға берілген сайлауалды уәделерді орындауға кірісті. Атқарылатын әр іс-шараға жауапты мемлекеттік органдар мен жастар өкілдері белгіленіп, есеп беретін басқармалар нақтылан­ды, – деді әкім. Күн тәртібіндегі мәселе бойын­ша Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов хабарлама жасады. Оның айтуынша, қазір Түркістан облысындағы жастар саны – 505 мың немесе облыс халқының 26,95%-ын құрайды. Өңірде «Jas Otan» Жастар қанатының 7 мың­нан астам мүшесін біріктіретін 17 филиал жұмыс істейді. «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру бойынша Түркістан облысы жаста­рына арналған 17 Жол картасының (1 облыстық, 3 қалалық, 13 аудан­дық) жобасы әзірленген. – «Жастар – Отанға!» бағдар­ламасына 416 индикатор мен 675 іс-шара жоспары енгізілді. Облыс бойынша 28 индикатор мен 38 іс-шара жоспары әзірленді. Жол картасында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, өзін-өзі бас­қаруды дамыту, жастардың сапалы білім алуына қолдау көрсету, жұ­мыс­сыздық деңгейін төментету, «Жасыл ел» жобасы арқылы 6 400 жасты жұмысқа тарту, «Еңбек» бағ­дарламасы шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасын арқылы 1 048 жасты жұмысқа орналастыру және өзге де жоспарлар енгізіл­ген, – деді басқарма басшысы. Жиынды түйіндеген облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркіс­тан облыстық филиалының төра­ғасы Өмірзақ Шөкеев аудандық, қалалық филиал төрағалары мен жауапты басқарма басшыларына жастарға қатысты Жол картасын сапалы жүзеге асыру жөнінде тап­сырмалар берді. Жастардың саяси өмірге қатысуын жандандыру, волонтерлік қызметті қолдау, жас­тар мен студенттік ұйымдарды дамыту, жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, жастардың кәсіпкерлікке тарту, жас отбасылардың, жұмыс істейтін жастар мен студенттердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін нақты жағдай жасау, жас буынды мәде­ниет пен спортқа, игі істерге ба­ғыт­тау жөнінде де тапсырма беріп, ол міндеттер хаттамаға енгізілді. – «Nur Otan» партиясы жас­тарға үнемі қолдау көрсетеді. Же­текші партия қолдауымен әр сала­дағы талантты, қабілетті мамандар үшін саяси баспалдақ қалыптасты. Оған дәлел — жыл басында өткен сайлау кезінде саяси сахнаға көш­басшы әрі дарынды жастардың келуі. Облыстағы барлық партия мү­шелері мен жақтастарын, жауап­­ты басшыларды «Жастар – Отан­ға!» бағдарламасының Жол кар­тасын жүзеге асыруда белсен­ділік танытуға шақырамын, – деді Өмірзақ Шөкеев. Бюро отырысында Түркістан облысы бойынша «Jas Otan» Жас­тар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді.

Әбілмансұр ЖАСАН