Бұл туралы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – журналист.
Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының редакторы қызметінен бастаған.
1994 жылғы мамыр-қазан айлары аралығында «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының репортеры болды.
1994-1995 жылдары – орта мектеп мұғалімі.
1995-1997 жылдары – «Райхан-ТВ» телекомпаниясының дикторы.
1997 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында – «Тараз-ТВ» қалалық телеарнасының редакторы.
1997-2000 жылдары – «Ақнұр» және «Азан» топтарының редакторы, жетекшісі, «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы» ЖАҚ комментаторы.
2000-2003 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ бас маманы.
2003-2005 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі.
2005 жылғы ақпан-маусым аралығында – «ҚР Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлімінің меңгерушісі.
2005-2006 жылдары – «Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлім меңгерушісі.
2006 жылғы наурыз-тамыз аралығында – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы.
2006-2007 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы.
2007-2012 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.
2012-2013 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары.
2013-2017 жылдары – ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2017 жылдың маусым-қараша аралығында – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы.