Табиғи минералды су ағзаға өте пайдалы – диетолог
Табиғи минералды су ағзаға өте пайдалы – диетолог
339
оқылды
Диетолог минералды су ішу қандай жағдайларда қауіпті екенін айтты. Диетолог Ирина Писареваның айтуынша, табиғи минералды су организм үшін өте пайдалы. Дегенмен, оның қарсы көрсетілімдері мен қолдану ерекшеліктері бар. Нутрициолог атап өткендей, егер емдік су болса, ағзада қандай проблемалар бар екенін білу керек және ағзаңызға қажетті минералдары бар суды ішу керек.
Біз шипажайға келгенде дәрігермен кеңесеміз. Дүкеннен сатып алып жүрген жай ас суының құрамында да минералды заттар бар, бірақ шипажайдағы судың құрамындағыдай көп мөлшерде емес. Оны ішуге, тұтынуға болады. Бірақ кімге қандай су ішу керек  екені жазылған, – деді дәрігер "Звезда" басылымына берген сұхбатында.
Әдетте, минералды су табиғи түрде газдалған. Алайда оны пластикалық бөтелкелерде емес, әйнектен жасалған ыдыста сақтау керек,  сонда пайдалы қасиеттері жақсы сақталады. Минералды судың қарсы көрсетілімдері бар екенін есте ұстаған жөн.
«Жүкті әйелдерге, 7-8 айға дейінгі балаларға, бала емізетін аналарға, асқазан-ішек аурулары бар адамдарға минералды су ішу ұсынылмайды. Сондай-ақ оны алкогольмен бірге ішуге болмайды. Минералды су мен алкогольді бір мезгілде қабылдаған кезде асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылуы мүмкін, сондықтан суды тек емдік мақсатта ғана ішу керек, – деп қорытындылады диетолог.