3 адам пойыз жолаушысының 116 миллион теңгесін ұрлап, көлік сатып алған
3 адам пойыз жолаушысының 116 миллион теңгесін ұрлап, көлік сатып алған
156
оқылды
«Қостанай – Алматы» бағытындағы пойыз жолаушысынан 116 млн. теңге ұрлаған 3 күдікті ұсталды. Оқиға 31 мамырда болған. «Жақсы» стансасында оянған жас қыз ақша салынған сөмкесін таппаған, – деп жазады zakon.kz. 8 маусымда жедел-іздестіру шараларынан кейін үш күдікті ұсталды.
Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізіліп,  12 620 000 теңге және 198 500 АҚШ доллары тәркіленді. Күдіктілер ұрланған ақшаның бір бөлігіне екі автокөлік сатып алып, жұмсап үлгерген, - деп түйіндеді Нұржан Әлібаев.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.