Павлодарда жазатайым оқиға салдарынан кәсіпорындардың біріндегі темір оюшы қайтыс болды. Ер адамға шөміштен балқыған металл төгіліп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 маусым күні Павлодар қаласы кәсіпорындарының бірінде 32 жастағы тұрғын жарақат алған.
"Ауруханаға термиялық күйік алған адам түсті. Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Күйік алған азамат №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. 1989 жылы туған адамның денесін төртінші дәрежелі 90% күйік шалып, таңғы 5:15-те қайтыс болды.
Апат шөміштен ыстық металдың төгілуі салдарынан болған.