Павлодарда жұмысшының үстіне балқыған металл төгіліп кеткен
Павлодарда жұмысшының үстіне балқыған металл төгіліп кеткен
193
оқылды
Павлодарда жазатайым оқиға салдарынан кәсіпорындардың біріндегі темір оюшы қайтыс болды. Ер адамға шөміштен балқыған металл төгіліп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 маусым күні Павлодар қаласы кәсіпорындарының бірінде 32 жастағы тұрғын жарақат алған.
"Ауруханаға термиялық күйік алған адам түсті. Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Күйік алған азамат №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. 1989 жылы туған адамның денесін төртінші дәрежелі 90% күйік шалып, таңғы 5:15-те қайтыс болды. Апат шөміштен ыстық металдың төгілуі салдарынан болған.