Ғарышқа ұшу билетінің құны аукционда 3,8 млн. доллардан асты
Ғарышқа ұшу билетінің құны аукционда 3,8 млн. доллардан асты
151
оқылды
Бортында миллиардер Джефф Безос болатын Blue Origin компаниясының New Shepard ғарыш кемесімен ұшу билетінің құны ашық аукционда 3,8 миллион доллардан асты. Amazon компаниясының негізін қалаушымен бір кемедегі орын үшін аукционға әлемнің 143 елінен 6 мың үміткер қатысқан. Blue Origin аэроғарыш компаниясы 2020 жылдың 20 шілдесінде болатын New Shepard-тың экипажбен алғашқы суборбиталды сапарындағы орын үшін өтініштерді қабылдайтынын хабарлады. Аукцион жеңімпазы Безос және оның інісі Маркпен Батыс Техастағы Blue Origin ғарыш айлағында үш күндік дайындықтан өткеннен кейін ғарышқа ұшады. New Shepard кемесі ішінде жолаушылар бар капсуланы орбитаға шығарады. Бір сапардың ұзақтығы 40 минутқа созылмақ.