Өрттен зардап шеккен отбасына көмектесті
Өрттен зардап шеккен отбасына көмектесті
148
оқылды
Қарақия ауданы Құланды ауылының тұрғыны  Абай Түлешов үйінде төтенше жағдай, яғни, өрт болғанын айтып, партия филиалынан қалпына келтіру жұмыстары үшін көмек сұрап келді. Тұрғын осы мәселе бойынша Қарақия ауданы Құланды ауыл әкімінің қабылдауында болды. Төтенше жағдай болған сәттен бастап ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізіліп, хабарландырулар таратылған болатын. Бүгінде сол шара барысында 460 мың теңге жиналды. Онымен қоса ауыл тұрғыны Айзада Асқарқызы бұл жағдайға бейжай қарай алмай, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасындағы тіркелушілерге қайырымдылық шарасын өткізді. Бұл шара арқылы 304 мың теңге қаржы жиналды. отбасы 31 мамыр күні жиналған 764 000 теңгені ауылдың Ақсақалдар кеңесінің төрағасы  Сайлаубай Ұйқасбаев Абай Түлешовтің отбасына табыстады. Осылайша, зардап шеккен отбасы жаңа үй сатып алды. Бұл қаражат сол үйді сатып алуға аз да болса қосымша көмек ретінде берілді. Тұрғын көмек қолын созған азаматтарға алғысын білдірді.