Балаларға ойын алаңын салып берді
Балаларға ойын алаңын салып берді
205
оқылды
Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстафин Қаржаубек Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы аясында бұқаралық спорт пен денешынықтыруды балалар арасында дамытуға, сондай-ақ, елді мекендерде денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу арқылы инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге басымдық берілгенін айтты. Сонымен қатар ауыл тұрғындары атынан балаларға ойын алаңын салып беру жайлы өтініш білдірді. Жалағаш аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Әліби Бақытбекұлы ауыл тұрғындарының өтінішін ескеріп,  өз демеушілігімен Мақпалкөл ауылдық округінде 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында жоба құны 13 млн. теңге болатын, аумағы 450 шаршы метр ( 15*30)  балалар ойын алаңының толықтай ашылуына ықпал етті. Ауыл тұрғындары халық қалаулысы, Жалағаш аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Әліби Бақытбекұлына алғыс білдірді. ойын