Ішкі туризмді дамытуға баса назар аударылады
Ішкі туризмді дамытуға баса назар аударылады

«– Мәдени-танымдық туризм облыстағы туризмнің негізгі түр­лерінің бірі, өйткені ШҚО – түркі өркениетінің пайда болу орталығы. Туризмнің әрбір бағыты мен түрі бойынша облыстың туроператор­ларымен бірлесіп туристік мар­шруттар әзірленіп, облыстық Visiteast.kz порталда орналастырылды. Visiteast.kz туристік порталы үнемі жаңартылады, онда туристерге қажетті барлық ақпарат жария­ланып отырады. Заман талабына орай Instagram әлеуметтік же­лісінде @Visiteastkz ресми аккаунты ашы­лып, белсенді жүргізіліп жа­тыр. Бекітілген контент жоспарына сәйкес, өңіріміздегі туристік орын­­дарға байланысты күн сайын жа­рияланып отырады, – деді облыс­тық Туризм және сыртқы бай­ланыстар басқармасының туризмді дамыту бөлімінің бас­шысы Инара Бодукова. Сонымен қатар ШҚО Туризм бас­қармасы «Nur Otan» партия­сының облыстық сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы шеңберінде «Алакөл алаулары» фестивалі, жазғы және қысқы маусымның ашылуы, ше­телдік туроператорлар үшін ақпа­раттық турлар сияқты бірқатар бұ­қаралық іс-шараны өткізу жоспар­ланғанын жеткізді.

Әбілмансұр ЖАСАН