Жаңалықтар Қазақстан Майдангер жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді Майдангер жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді «Айқын» ақпарат 12/06/2021 00:40 200 оқылды Қорғаныс министрлігі – Менің әкем Рапық Шәмішев 1912 жылы дүниеге келген. 1942 жылы оны Қарқаралы ауданының әскери комиссариаты әскер қатарына шақырды. Мен ол кезде төрт жаста, інім екіде еді. Анамның айтуынша, әскери комиссариаттан адамдар келіп, сол түні әкем соғысқа аттанған. Біз жылап қалдық. Оның табылғанын айтқан кезде, мен сенбедім, шатастырған болар деп ойладым, өйткені көп уақыт өткен еді, – деді сарбаздың қызы Еркеш Шәмішева. Сарбаздардың сүйектерін «Ржев. Калининский фронт-2021» атты халықаралық экспедиция кезінде ресейлік «Пионер» іздестіру жасағы тапқан. Қазақстанға Әскери-әуе күштерінің әскери-транспорттық авиация бортымен жеткізілді. – Ай сайын бізге қаза тапқан және хабарсыз кеткен сарбаздардың туыстары мен жақындарынан он шақты өтініш келіп түседі. Біз Қазақстан мен Ресейдің іздестіру жасақтарымен тығыз байланыста болып, Ресей Федерациясы аумағында табылған жауынгерлердің туыстарын іздеуде әскери комиссариаттармен жұмыс істейміз, – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи мұражайы іздестіру-экспедициялық жасағының қызметкері Әсем Қанапина. Соғыс жылдары Қазақстаннан әскерге шақырылып, із-түзсіз жоғалған жауынгерлерді Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі іздеу жұмыстарымен белсенді айналысады. А. ЖОЛДАС