Жамбылдық шаруа өзіне оқ атқан тұрғынды көлікпен қағып өлтірді
Жамбылдық шаруа өзіне оқ атқан тұрғынды көлікпен қағып өлтірді
178
оқылды

Жамбыл облысы Меркі ауданында ауыл тұрғындары бір-бірімен атысып, соңында бір адам ажал құшты.

Оқиға желісін тарқатып айтсақ, 9 маусым күні Меркі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулер олардың фазендасына келіп, ағасына оқ атқаны туралы хабарлаған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенде шаруа қожалықтың иесі мен жергілікті үш тұрғын арасында жанжал туындағанын анықтаған. Жанжалдың соңы ушығып, үш жігіттің біреуі  фазенда иесіне тегіс ұңғылы мылтықтан оқ атқан. Аяғы мен қолына бытыра тиген азамат оларды өз көлігімен қуып жүріп қағып, нәтижесінде екінші көліктегі жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан. Қалғандары әртүрлі деңгейдегі дене жарақатын алған. Оқтан жарақат алған шаруа Меркі аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілген. Қазір оқиғаның барлық қатысушылары ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы