Модификацияланған картоп крахмалы өндіріледі
Модификацияланған картоп крахмалы өндіріледі
416
оқылды

«Катада TRANS GROUP» ЖШС директорының орын­басары Серғазы Шалқарбеков­тің айтуынша, зауытты 18 ай ішінде салып, іске қосу жос­пар­ланған. Бәрі дұрыс болса, келесі жылдың күзінде өн­дірістік желі пайдалануға беріледі. Жалпы, картоп крахмалы азық-түлік, дәрі-дәрмек, косметикалық құрал­дар, қағаз, құрылыс материал­дарын өндіруге кеңінен қол­данылады. Бұл – өте пайдалы әрі нарықта сұранысқа ие шикізат. Жобаның таныстырылымы  тыңдалғаннан кейін облыс әкімі тиісті жауапты тұлғаларға экономикалық тиімділігі жоғары жобаның сапалы жүзе­ге асырылуына жан-жақты қолдау көрсеуді тапсырды. – Бұл – бір ауданның ғана емес, облыстың экономикалық дамуына серпін беретін өте іргелі кәсіпорын. Қажетті инфрақұрылымдар жүргізу жағынан мемлекеттік қолдау көрсетеміз. Зауыт іске қосылса, жаңа жұмыс орындары ашы­лып, өңір бюджетіне салық түсімі артады. Яғни, тұрғын үйлер, жаңа мектептер, ауру­ханалар, басқа да қажетті әлеу­меттік нысандар салуға мүм­кіндік молаяды деген сөз, – деді Амандық Баталов жиын соңында.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы