1 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында 6 жасқа толатын балалардың мектепке баруын не балабақшада қалуын ата-ана шешеді
1 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында 6 жасқа толатын балалардың мектепке баруын не балабақшада қалуын ата-ана шешеді

Жаз басталғалы ата-аналар балаларының қамын ойлап бас қатыруда. Өйткені пандемия салдарынан балабақшаның жұмыс істеуінен карантинге жабылуы ұзаққа созылды. Кішкентайлар балабақша мен мектепті қойып, үйде қамалды.  Дегенмен, уақыт өз дегенін алды. Қазір балабақшамен қоштасқан бүлдіршіндер мектепке бармақ. Алайда ата-ананың көпшілігі балабақшада мектепалды дайындықты толыққанды өтпеді деп, балаларын мектепке беруге бас тартуда. Ал балабақша 6 жасқа толған бүлдіршінді қайта қабылдамайтынын айтуда. Тығырықтан шығар жол бар ма? Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Осыған қатысты сұрақтарымызға Сонымен бірге 1 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында 6 жасқа толатын балалар Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында» белгіленген тәртіп бойынша ата-анасының қалауымен 1-сыныпқа бара алады немесе балабақшаларда, мектепалды сыныптарда тәрбиеленеді.

Жекеменшік балабақша мен мемлекеттік балабақшалардың айырмашылығы неде? Жекеменшік балабақшалар министрліктің талабын орындаудан босатылған ба? Олар жауапқа тартылмай ма? – Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар үшін Заң нормалары мен талаптар бірдей. Мысалы олар тәрбиелеу-білім беру процесінде Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, Үлгілік оқу жоспарын іске асырады. Сондықтан жауапкершілік те, сұраныс та бәріне бірдей. – Мемлекеттік балабақшалардың өздері 6 жасқа толған баланы қабылдамайтынын айтуда. Олардың олай істеуіне құқы бар ма?

– ҚР «Білім туралы» заңының 31-бабына сәйкес 1-сыныпқа оқуға балалар 6 жастан қабылданатындықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға әр балаға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс 1-5 жас аралығын ғана қамтиды. Сонымен бірге балабақшаға барып жүрген бала 5 жасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту деңгейінің бағдарламасын мемлекеттік стандартқа сәйкес  аяқтайды.

Пандемияның жалғасқанына екінші жыл болды. Карантиннің салдарынан балалар көп уақыт балабақшаға бармай қалды, мектепке дайындығы да дұрыс өтпеді. Енді ата-аналар не істерін білмей қалды. Бұл мәселеден шығар жол бар ма? – Әрине, бұл мәселеден шығар жол бар. Ата-аналардың өтініші бойынша мектептердің жанында тамыз айында қысқа мерзімді «Балақайлар мектебі» курстары жүреді. «Балақайлар мектебінің» бағдарламасы Республикалық «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығының сайтында орналастырылған және орталықтың фейсбук, инстаграмм парақшаларында ата-аналарға арналған ақпараттар, баланың мектепке дайындық деңгейін анықтау туралы түсіндірмелер бар (тел.28-09-50, сайт rc-dd.kz). 21 мамырда Қазақ радиосының эфирі осы тақырыпқа арналды. Мұндағы мақсат, ата-аналарға қажетті ақпарат беру болды және осы бағдарлама бойынша ата-аналар үй жағдайында да баламен мектепке дайындалуына болатынын түсіндіру. Себебі, мектепке бару үшін баланың қарапайым дағдылары мен мектепте оқуға ынтасы қалыптастырылуы жеткілікті. Заң нормасында бала мектепке дейін балабақшада немесе отбасында тәрбиеленеді делінген. Сондықтан, баланы мектепке отбасында дайындауға да болады. Ол үшін жоғарыда аталған «Балақайлар мектебінің» бағдарламасын қолдануға болады. Бағдарлама ата-аналарға түсінікті, қарапайым және rc-dd.kz сайтынан тегін жүктеп алуға болады. – Ата-ананың көпшілігі 6 жасқа толған балаларын қайта балабақшаға бермек? Олай істей ала ма? – Жоғарыда айтып өткендей, егер бала 6 жасқа толмаған болса, онда кезекке тұрып, балабақшаға қайта жолдама алуына болады, 5 жастағы балалар жаз айындағы «Балақайлар мектебінің» қысқа мерзімді курстарынан өтулеріне болады.

Алты жастан бастап, бала ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің өтінішінің негізінде ҚР «Білім туралы» заңының 31-бабына сәйкес 1-сыныпқа қабылданады. Егер денсаулығына байланысты ПМПК-ның анықтамасы болса, онда мектепке 1 жылға кеш баруы мүмкін.

Егер баланы балабақшаға қайта бере алмаса, мектепке де бергілері жоқ. Бұл дұрыс па? – Керісінше, баласының толыққанды дамуы мен білім алуына алдымен ата-ана өзі ынталы болып, белсенділік танытқаны дұрыс. Баланың білім алу құқығын қамтамасыз ету, оның білім алуына жағдай жасау – ата-ананың тікелей міндеті.

Бала мектепке тек ата-анасының өтінішімен қабылданады. Сондықтан ата-аналар баласының қатарынан қалмауы үшін оның болашағын ойлағаны дұрыс. Сонымен бірге 1-сыныпқа дайындық деңгейіне қарамастан барлық бала қабылданады және бағдарламаға сәйкес Әліппеден бастап, тең мүмкіндікте  әріп, сан үйренуді бәрі бірге бастайды.

Бұған қоса, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру – ата-аналарды педагогикалық процестің қатысушысы ретінде тартуды көздейді.  Яғни, ата-аналар баласының жетістіктерінің әрбір қадамына педагогпен бірге, ынтымақтастықта өз үлесін қосады. Ата-анамен кері байланыс орнату – педагогтің міндет. Сондықтан  кез келген ата-ана өзіне сенімді болып, баласын қатарынан қалдырмай, мектепке береді деп сенеміз. – Балабақшада мектепке дейінгі дайындықты дұрыс өтпеген бала ертең мектептегі оқу бағдарламасын алып кетуі қиын болмай ма? Ол жағынан қандай шара қолданылмақ? – 1-сыныптың бағдарламасы әліпбиді үйретуден және ең алғашқы қарапайым түсініктерді қалыптастырудан басталады. Сондықтан оқуды барлық бала бірдей бастайды. Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:
  • балаларды мектепте оқуға ынталандыру;
  •  жауапкершілікке үйрету, зейінділігін қалыптастыру;
  •  коммуникативтік дағдыларын дамыту;
  •  әлеуметтік ортаға бейімдеу, бірігуге баулу;
  •  эмоционалдық жайлылық қалыптастыру;
  •  шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  •  өмірлік дағдыларын жетілдіру. 
Сонымен қатар педагогикалық тәсілде әр баланың қабілеті мен қабылдау қарқынына қарай жеке тапсырмалар беру, саралап оқыту, баламен және оның ата-анасымен кері байланыс жасау қарастырылады.