Алматыда қараңғыда күзетілмейтін аумақта "жұмыс істеген" бір топ ер адам ұсталды
Алматыда қараңғыда күзетілмейтін аумақта "жұмыс істеген" бір топ ер адам ұсталды
119
оқылды
Алматыда көлік катализаторларын ұрлаған  ұрылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қалалық криминалдық полицияның хабарлауынша, үш адамнан тұратын топ әрекет еткен, олардың екеуі Шығыс Қазақстаннан келген.
– Қазіргі кезде олардың қаланың Әуезов және Алатау аудандары аумағындағы ұрлықтың төрт фактісіне қатысы бар екендігі тергеу және жедел-іздестіру құралдарымен дәлелденді. Ұсақтағышпен қаруланған қаскөйлер қараңғыда және тек қана автокөліктер күзетілмейтін тұрақтарға қойылатын тұрғын ауданда жұмыс істегені анықталды. Олар катализаторды кесіп, содан кейін сатқан. Қылмыстық эпизодтардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Осыған байланысты жедел шаралар кешені жүргізілуде. Тергеу аясында ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.