17 маусымдағы мәлімет бойынша 21 132 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 6 468-і стационарда, 14 664 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирус пен пневмония жұқтырғандар арасында 435 адамның жағдайы ауыр, 111 пациенттің жағдайы өте ауыр, 73 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.