«Өлі туғанды өлтіруге бола ма?» – сарапшылар Атырауда сотталған медицина қызметкерлеріне араша түсті
«Өлі туғанды өлтіруге бола ма?» – сарапшылар Атырауда сотталған медицина қызметкерлеріне араша түсті
277
оқылды

Кеше Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдап, дәрігерлерді қорғау мәселесін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, Атырау дәрігерлерін» қылмыстық қудалауға негіз болған сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларын зерттеу және талдау жаңа туған нәрестенің өлімінің зорлық-зомбылық себептерінің белгілерін анықтайтындай оларда жеткілікті және объективті сот-медициналық критерийлердің жоғын көрсетті. Сотта ұсынылған мәліметтерге сәйкес, бала 25-26 апта аралығында ерте туған, дене салмағы тым аз. Сонымен қатар шала туған нәрестенің бауыры осы кезең үшін 10 есе үлкен және теріс орналасқан екен. Бұл құрсақтан тыс өмір сүре алмас еді. Сәби көптеген ақауларға, судың жетіспеушілігіне, плацента проблемаларына байланысты өмірге қабілетсіз болды және бұл ерте босанудың себебі болды дейді сарапшылар. – Бала өлі туылған деп айтуға толық негіз бар, өйткені баланың жатыр қабырғасынан мерзімінен бұрын толық бөлінуі болған. Сонымен қатар, мәліметтер бойынша, босану қызметінің басталуымен босанғанға дейін баланың қозғалысы мен жүрек соғысы байқалған, мұны босанған әйелдің өзі де растады, – деп өз пікірімен акушер-гинеколог Ан Зоя бөлісті. Дәрігерлердің адвокаты Нұрлан Жолболовтың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істі сотқа берілгенге дейін БАҚ-та дәрігерлерді қылмыс жасады деп айыптайтын жалған ақпарат таратылып, дәрігерлердің жағымсыз келбеті жасалған. Ал сот, өз кезегінде, жасанды түрде жасалған қоғамдық пікірге қарсы келгісі келмей, барлық істі бастаған күш құрылым қызметкерлеріне тиімді үкім шығарды. – Жалпы, іс бойынша ондаған өрескел заң бұзушылықтар бар, мысалы, Нысанбаевтан тергеудің барлық кезеңінде ешқашан жауап алмаған, сол арқылы ол қорғалу конституциялық құқығынан айырылған. Адвокаттар аппеляциялық соттың назарына тергеуде бұзушылықтар бар екенін, сараптамада нәрестенің мәйітін ауыстыру, дәрігерлер диалогын монтаждау және бірінші сатыдағы сот назарынан тыс қалған басқа да нұсқалар туралы жеткізеді, – деді Нұрлан Жолболов. Естеріңізге сала кетейік, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан 16 жылға, акушер Жәмила Құлбатырова 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал неонатолог дәрігерлер Руслан Нұрмұханбетов пен Дарина Жұмабаева заңсыздық орын алып жатқаны туралы хабар бермеген деп, үш жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сарапшылар мен барлық медициналық қоғамдастық істің объективті және жан-жақты қаралуын талап етеді.