Нұр-Сұлтанда сауна әкімшілері жеңгетайлықпен айналысқаны үшін ұсталды
Нұр-Сұлтанда сауна әкімшілері жеңгетайлықпен айналысқаны үшін ұсталды
159
оқылды

Жеңгетайлықпен айналысқан елордадағы сауна мен массаж салонының әкімшілері ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция ақпараты бойынша, қала аумағында 16-18 маусым аралығында полиция қызметкерлері "Қорғау" үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, "STOP трафик" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізген. Жыныстық қызмет көрсететін 20 қыз бен жеңгетайлықпен айналысатын 3 адам анықталды, олар мамандандырылған есепке алынды. Ақжүніс көшесіндегі коттеджде полицейлер массаж салонының астында жұмыс істейтін секс-притонды тапты, онда екі әкімші жеңгетайлықпен айналысқан. Массаж салонындағы рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер клиенттен интим қызметтері үшін 60 мың теңге алған 23 жастағы қызды ұстады. Сондай-ақ, үш саунаның әкімшілері ұсталды, олар клиенттерді жеңіл жүрісті қыздармен байланыстырған. Әр қыздан 10-нан 12 мың теңгеге дейін ақша алған. Барлық мекеме әкімшілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы барысында жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлық үшін үй-жайды жалға берудің 3 дерегі анықталды. Заңнаманы бұзған тұрғын үй иелеріне әкімшілік іс қозғалды. Баптың санкциясы 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.