ДДҰ 15 пен 49 жас аралығындағы қыз-келіншектерге ішімдік ішуіне тыйым салуға шақырды
ДДҰ 15 пен 49 жас аралығындағы қыз-келіншектерге ішімдік ішуіне тыйым салуға шақырды
312
оқылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 15-тен 49 жас аралығындағы қыз-келіншектерге ішімдік ішуіне тыйым салу керегін айтты.

«Ішімдіктің денсаулыққа тигізер залалы өте үлкен. Оны жүктіліктің бірінші үш апталығынан-ақ байқауға болады. Мәселен, тоқтаусыз ішкен болашақ ананың ағзасы ішімдікпен уланады. Ал бұл нәрестенің қалыпты дамуын бұзып, түрлі ауруға шалдықтырады. Тіпті, дүниеге кемтар сәбиді әкелуі де мүмкін. Сондықтан нәрестелі болады деген қыз-келіншектердің бәріне ішімдік ішуге тыйым салуға шақырамыз», - делінген ұйымның хабарламасында. Олардың зерттеуінше, соңғы жылдары қыз-келіншектердің дені сау сәбиді дүниеге әкелуі сиреп кеткен. Аналардың жарық дүниеге әкелген кішкентайлары көбіне өлі немесе ішкі ағзасының ақауы бар болып шыққан. Мамандар сол үшін қыз-келіншектердің ішімдікті шектен тыс ішуі денсаулыққа зиян екенін дәлелдеп, тыйым салуды талап етуде. Олардың бұл шешімін Ұлыбританияның дәрігерлері бірауыздан қолдап отыр.