Қазақстанда алдағы үш күнде 42 градус ыстық болады
Қазақстанда алдағы үш күнде 42 градус ыстық болады
180
оқылды
"Қазгидромет" РМК 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. "Кезең ішінде Қазақстанның батыс аудандары антициклон жотасының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Ал республиканың қалған аумағында солтүстік циклон шұңқыры әсерінен найзағай ойнап, бұршақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы түнде 5-13, күндіз 12-23, оңтүстік аумақта түнде 12-22, күндіз 24-35, батыста түнде 15-25, күндіз 34-42 градус ыстық болады", - делінген хабарламада.